Қазіргі заманғы IT-технологиялар қазақстандық қоғамда барлық салаларда қолданылады. Еліміздің жетістіктеріне тоқталсақ: БҰҰ электрондық үкіметінің әлемдік рейтингінде 24-орын, онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орын. Былтыр онлайн режимде 50 млн қызмет көрсетілді, оның 92% үйден шықпай-ақ қолжетімді. Egov мобильді қосымшасын ай сайын шамамен 4,6 млн адам пайдаланады.
Бұл отандық IT мамандардың ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Нәтижесінде, біз қашықтықта жүрсек те, тез байланыса аламыз, жаңа білім ала аламыз, көптеген процестерді автоматтандырдық, еліміздің өсіп, дамуына жаңа мүмкіндіктер бар.
Мереке құтты болсын!