Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды аумағын 1-санатқа ауыстыру бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.  

«Облыс орталығының негізгі көшелері әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қаланың Шиелі ауданына кіреберіс жолы, Яссауи, Жаппасбай батыр магистралды көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылдары төрт жолақты болып кеңейтілді. Қызылорда қаласында 4 млрд 700 млн теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал қаласында құны 3 млрд 100 млн теңгеге, Жаңақорған кентінде құны 1 млрд 400 млн теңгеге теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары салынуда», – деді өңір басшысы.  

Бұдан бөлек, Қызылордада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды. Терминалға әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салынды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.  

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында құны 975 млн теңгені құрайтын заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Облыс орталығына 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толық шешілді. Экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуде. 

«Аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналуда. Соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке тұрғын үй салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралды, жыл қорытындысымен 2,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі», – деді облыс әкімі. 

Өткен жылы облыста 1720 орындық 6 мектеп, 1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 21 мектеп салынды. Мектептердің алғашқылардың бірі  болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды. 

Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд 400 млн теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд теңгеге жаңа музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады. 

4,1 млрд теңгеге 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында өңірде құны 11 млрд теңгені құрайтын 27 нысан салынуда. Былтыр елді мекендерде 16 жаңа дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне табысталды. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. 200 санитарлық автокөлік табысталды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған орталық құрылысы басталады.