Мәселен, биылғы жылыту маусымына дайындық үшін 25 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу бойынша іс-шаралар өткізілді. Ұзындығы 9 км 4 жаңа жылу магистралі салынды және 19,3 шақырым желі жөнделді. Бұл коммуникациялардағы апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік берді, алайда атқаратын жұмыс жетерлік. 

«Біз су жүйелерінің құрылысын белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл салада 18 жоба іске асырылды. Қала тұрғындарының сумен  қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5%-ға дейін ұлғайды. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суға қолжетімділігі 99,3%-ды құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Ел Президентінің тапсырмасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасының арқасында 18 мыңға жуық тұрғыны бар 15 ауылдың 57 нысаны жаңғыртылды. Ағымдағы жылдың 10 айында біз 296 мың м2 астам тұрғын үйді пайдалануға бердік, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға артық», – деді өңір басшысы. 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін 331 пәтер сатып алынады.

Павлодар облысының әкімі жол инфрақұрылымы жайында да сөз қозғады. Оның мәлімдеуінше, облыста 662 шақырымнан астам жол жөнделді. Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарлануда. Қалалардың жайлылығының негізгі факторларының бірі – қоғамдық көлік жүйесінің дамуы болып табылады. Қазірдің өзінде осы салада белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, оны қала тұрғындары оң бағалаған болатын. Соңғы екі жылда 218 автобус жаңартылды. Бүгінде облыстың үш қаласы 75% заманауи жоғары класты автобустарға ие. Жыл соңына дейін жаңа автобустардың саны 250-ге дейін жеткізіледі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс орталығының трамвай жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 70 трамвайды жаңарту жоспарлануда. Осыдан екі апта бұрын өңір басшылығы мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі арасында 25 жаңа трамвай сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Олардың бірінші легі келесі жылдың бірінші жартыжылдығында жолға шығады», – деді спикер. 

Биыл қыркүйек айында Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту басталды. Жұмыстар 2025 жылдың қазан айында аяқталуға тиіс.  

Өңір әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оны жақсарту үшін 156 әлеуметтік нысанда 5567 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 97%-ы Полиция департаментінің жедел орталығына шығарылды.  

«Бүгін біз жүзеге асырып жатқан міндеттердің едәуір бөлігі халықпен үздіксіз байланыс барысында қалыптасқанын, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс тұрғындарының сұраныстарына жауап болғанын атап өту қажет деп санаймын. Тиімді коммуникациялар құру және кері байланыстың басты алаңы – әлеуметтік желілер біздің жұмысымыздың негізіне айналды деп санаймын. Жыл басынан бері біз 60 мыңнан астам азаматтың өтініштерін қабылдадық, олардың үштен екі бөлігі бойынша оң шешім қабылданды», – деп түйіндеді өңір басшысы.