Осылайша, «дөңгелектердегі емханалардың» медициналық көмек құрылымында 9 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, 18 мыңнан астам зертханалық талдау өңделді, 8841 УДЗ және 6787 ЭКГ сеанстары өткізілді, 4788 шағын хирургиялық операция жасалды.
Қарап-тексерулердің нәтижесінде түрлі аурулары бар 3007 пациент анықталды, оның 561-і ҚЖА-дан зардап шегеді, 76 адамда қант диабеті, глаукоманың 112 жағдайы анықталды, басқа аурулармен 1864 ауыл тұрғыны емдеуге алынды. Оның ішінде тіркелген жері бойынша емханаларда 2973 пациент, оның ішінде 449 бала динамикалық бақылауға алынды.
2024 жылдың 9 айында медициналық пойызбен Қазақстанның он екі облысының: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының 91 станциясы қамтылды.
Пойызда медициналық көмекті терапевт, педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург/ травматолог, оториноларинголог, невропатолог, стоматолог, акушер-гинеколог, уролог, офтальмолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, сондай-ақ психолог сияқты 14 арнайы маман көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда пойыз рентген аппаратымен, маммографпен, ЭЭГ, сигмоидоскоппен, калькоскоппен жабдықталған.
Медициналық қызмет көрсету барысында бірқатар ерекше жағдайлар анықталды, олар уақтылы диагноз қойылып, емдеудің одан әрі тәсілі бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Мысалы, электрокардиографиялық зерттеу жүргізу кезінде пациенттерде миокард инфарктісі көрінісінің болу жағдайлары анықталды, оларды жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл түрде стационарға жатқызды.
Медициналық пойыздарда егде жастағы адамдарға, балаларға, сондай-ақ шұғыл немесе тұрақты медициналық көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылады.
Жасалған меморандум шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның арасында шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жыл сайын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.