Оқудан өткен 50,1 мың жұмыссыз азаматтың 15,3 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 631 курс жариялады, оның 292-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қараша айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Построение отдела продаж в отеле», «Введение в социальную работу», «Пішу және тігу», «Кассир», «Основы социальной работы» және «Управление персоналом».

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.