Мемлекет басшысының нүктелі құрылыс салуға жол бермеу және қысқарту жөніндегі тапсырмасы Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында.
«2024 жылдың 11 айында бұзушылықтарды жою туралы 717 ұйғарым берілді. Нысандарды бұзу туралы 115 талап қойылды. Құны 18 млрд теңге болатын 40 заңсыз объект бұзылды. Қаланы сапалы дамыту үшін Алматы қаласының жаңа қала құрылысы регламенті мен құрылыс салу қағидалары әзірленді, оларды 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласының мәслихаты бекітетін болады», – деді шаһар басшысы.
Алматыда сапалы сумен қамтамасыз етумен байланысты көпжылдық проблемалар кезең-кезеңімен шешілуде. 2024 жылдың мамыр айында жаңа «Балқаш» таза су резервуары іске қосылды, шілде айында сумен жабдықтаудың резервтік схемасы салынды, Қарғалы су қоймасын салу аяқталды және 2025 жылы Ақсай су қоймасы іске қосылады. Нәтижесінде, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының 220 мың тұрғынын тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етеді.
Сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 220 шақырым жаңа желілер салынды, қолданыстағы 30 шақырым желі жаңғыртылды. 2025 жылы 347 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, жаңғыртылады.
«Тиімді жұмыс жылумен және электрмен жабдықтау саласында жүргізіледі. 2024 жылы 20 шақырым жылумен жабдықтау желілері және 220 шақырымнан астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылды, 85 қазандық қайта жаңартылды. 2025 жылы 40 шақырым жылумен жабдықтау желілерін және 240 шақырым электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде, 2024-2025 жылдары жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға және электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 2025 жылдың соңына қарай 1,7%-ға дейін төмендетілетін болады», – деді спикер.