«Смарт сити» мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. 2022 жылы Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 50 мың видеокамера қосылған. Келесі жылы видеокамералар санын 70 мыңға дейін жеткіземіз. 2030 жылға дейін 100 мыңға жетеді», – деді қала басшысы. 

Табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бастап алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлерді қырқу жүргізілді, 6 мұздақ көлде профилактикалық жұмыстар орындалды, Есентай өзенінің арнасы нығайтылды.