Оның айтуынша, қар басу қаупі бар 2200 шақырым учаске бар. Осы учаскелерде тәуелкелдерді алдын алу мақсатында 31 мың уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қар қоршаулары мен біліктері жасалды.
«Былтыр қар құрсауынан 2 мың автокөлікті шығарып, 3 мыңнан астам азаматқа көмек көрсеттік. Жол пайдаланушыларға тәулік бойы 1403 байланыс орталығымыз бар. Жыл басынан бері 470 мың өтінім келіп түсті. Байланыс орталығының мамандары жолдағы ауа райы жағдайы, ақылы жолдар туралы ақпарат беріп, көліктері бұзылып қалған жүргізушілерге көмек көрсетеді. Автомобиль жолдарды цифрландыру мақсатында 17 ақылы учаскеге 74 бейне камера орнаттық. Кaztoll.kz сайты арқылы онлайн режимде жолдың жағдайын көруге болады», – деді спикер.
Еліміздегі ақылы жолдардың желісі 3221 шақырым, ол 17 ақылы учаскеден тұрады. Соңғы 11 айда ақылы жолдардан 48,4 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың барлығы осы жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға жұмсалады. Ақылы жолдар желісін дамыту мақсатында 2024 жылы 10 учаскені ақылы түрге ауыстыруға ұсыныстар әзірленді. Қазіргі таңда бұл ұсынысты жауапты мемлекеттік орган қарастырып жатыр.