Аталған жедел кәсіби бөлімшенің әскери қызметшілері азаматтардың, жалпы қоғамның қауіпсіздігін, сондай-ақ заңдылықтың сақталу кепілдігін қамтамасыз етіп, ерлік, батылдық және антқа деген адалдығын таныта отырып, Отанымыздың игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Сондықтан шынайы құрметке лайық. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлық қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық пен амандық, толағай табыс, қауіпсіз қызмет тілейміз!