Оның айтуынша, бірінші болжам шамамен ақпан айының басында, екіншісі наурыздың басында беріледі. 

«Жинақталған мәліметтер су тасқынын болжау үшін де пайдаланылады. Сонымен қатар Tasqyn жүйесінде жұмыс істеу үшін су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Алгоритм келесідей: құзырлы органдар жүйеге су деңгейі, су жіберу көлемі және гидрометеоболжам бойынша мәліметтерді енгізеді», – деді ведомствоның ресми өкілі.