Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін шетелдік жетекші университеттермен бірлесіп үш ЖОО базасында ЖИ саласында кадрлар даярлау қамтамасыз етілді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен (SeoulTech) бірлесіп; Сәтбаев университеті City University of Hong Kong (CityU) бірлесіп, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен Лу Бань шеберханасының базасында жасанды интеллект саласының мамандарын даярлаудың жаңа бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осыған ұқсас жұмыстар басқа жоғары оқу орындарында да жүргізілуде.
«Білім беру бағдарламаларын өзектендіру кезінде практикаға бағдарлану қағидатын күшейтуге баса назар аударылады. Мысалы, Қызылорда университетінің базасындағы SeoulTech жасанды интеллект институтында креативті идеяларды құру, бірлесіп жұмыс істеу үшін платформа Wowideas пайдаланылады. Оқуға қабылданған студенттер бизнес-инкубатордың резиденті ретінде тіркеліп, жергілікті бизнестің сұранысына сәйкес цифрлық шешімдер дайындаумен айналысады», – деді спикер.
Студенттерге әлемдік цифрлық кітапханаларды қолжетімді ету білімнің сапасын арттыруға көмектеседі. Coursera, Huawei, Binance және т. б. сияқты ірі компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарының студенттеріне Coursera платформасының ресурстарына тегін қол жетімділік берілді. Екі жыл ішінде 134 мыңнан астам студент 227 мыңнан астам сертификат алды, оның ішінде 4,5 мың студент жасанды интеллект бойынша бағдарламаларды игерген. Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында цифрлық университеттің пилоттық модельдері іске асырып жатыр.
Академиялық білім мен жаңа технологияларды өнеркәсіпке ұсыну үшін жоғары оқу орындарының базасында 25 академиялық және зерттеу артықшылықтары анықталды. Кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттары негізге алынды және АЗАО шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қатысуымен құрылатын болады. Жалпы 2024 жылы 6 АЗАО қаржыландыру басталды. Биыл тағы 7 АЗАО қаржыландыру жоспарлануда.
«Бұл шаралар Қазақстанның экономикалық өсуі мен технологиялық дамуының қозғаушы күші болатын инженерлерді даярлау үшін берік негіз құрайды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Сәтбаев университетінде және Шығыс Қазақстан техникалық универсиетінде инженерлік білім берудің жаңа моделі енгізіле бастады. Жаңа оқу жылынан бастап бұл модель еліміздің барлық жоғары оқу орындарына енгізіледі», – деп түйіндеді ведомство өкілі.