Бекболат Молдабековтің хабарлауынша, азаматтарға «Е-заң көмегі» жүйесі арқылы көрсетілетін құқықтық қолдау процестерін автоматтандыруға баса назар аударылады. 

«Е-заң көмегі» – бұл мобильді жүйе және оны жүктеп алуға кеңес береміз. Биыл оған көптеген пайдалы дүниені қосамыз. Бүгінде оператормен бейнеқоңырау, аудиоқоңырау арқылы тегін байланысуға болады. Оператор –  кез келген сұраққа жауап беріп, түсіндіре алатын әділет жүйесінің қызметкері. Қазіргі уақытта 7075 пайдаланушы бар, бірақ олардың саны одан да көп болатынына сенемін», – деп атап өтті спикер.  

Жалпы, вице-министр түсіндіргендей, жүйе азаматтарға 24/7 режимінде көкейіндегі құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.