Биыл ADAM компаниясы машиналардың жаппай өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында «SU BEREKE» маркалы жаңбырлату машиналарын шығаратын екінші зауыт іске қосылады.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 шашыратқыш машинаны құрайды. Осылайша, бұл жоба шетелдік техника өндірушілеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, кепілдік және сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

Өнімдер Орталық Азия мен ТМД нарықтарына да бағдарланатын болады.