1 наурыздағы жағдай бойынша порталда 527,5 мың пайдаланушы тіркелген, оның 433,4 мыңы оқуын аяқтаған. Сәйкесінше тіркелендер арасында әйелдердің үлесі 62%-ды құраса, оқытудан өткендердің 61% нәзік жандылар.
Білім алушы әйелдердің орташа жасы – 38 жас, ең кішісі – 14 жас, ал ең үлкені – 78 жаста. Сонымен қатар 140 және 182 курсты меңгерген әйелдер де бар.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары бойынша курстарға әйелдер көптеп жазылуда. Әйелдер оқитын ерекше курстардың ішінде «Автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру», «Жылу желілерінің жабдықтары, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электр слесарлық жұмыстар», «Қазандық агрегаттарына қызмет көрсету және жөндеу» бар.