Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру, қонақжайлық ұлттық мәдениеттің негізгі көрінісі. Адам өмірінің әр кезеңіне арналған қазақ ғұрыптарының өзі бір төбе: отбасылық, тұрмыстық, спорттық, сондай-ақ отау құруға байланысты дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мысалы, соңғы жылдары Наурызды он күн бойы тойлау – Наурызнама дәстүрі қайта жандануда. Сондай-ақ, құдалық, беташар, тұсаукесер, қонақасы сынды дәстүрлер кеңінен тараған.
Халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеу - өткенге құрметпен қарау әрі болашаққа жасалған маңызды қадам.