Мысалы, 2024 жылы субъектілерді 1253 тексеру және 311 профилактикалық бақылау жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 107 бизнес субъектісі айыппұл тағайындау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1306-сы ескерту алды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаттарының бірі тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және олардың құқықтарын қорғау болып табылады.
«Жалпы 2024 жылы тұтынушылардың құқықтары жалпы сомасы 2 млрд теңгеге қорғалды. Соның ішінде ынталандыру үшін біз ең резонансты істерді анықтау критерийін жасадық. Барлығы 120 осындай резонанстық іс тіркелді, онда 1,4 млрд теңге сомасына 670 тұтынушының құқықтары қорғалды. Мысалы, бір жыл ішінде жалпы сомасы 810 млн теңгеге сапасыз автомобильдер сатып алған 58 тұтынушының құқықтары қорғалды. Үлескерлер мен үй сатып алушылардың құқықтары 228,5 млн теңгеге қорғалған, көлік
және туристік қызметтер бойынша да жағдай ұқсас», – деді спикер.
Тұтынушылардың сапалы және қауіпсіз өнім алу құқығын іске асыру, контрафактілік өнімнің артуынан қорғау мақсатында тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
2024 жылы барлық өңірде өнімнің 2039 түрінен сынама алынды, оның 1464 түрі немесе 72%-ы бойынша бұзушылықтар анықталды. Оның 84%-ы таңбалау бөлігінде – бұл тауар туралы мемлекеттік тілде, өндіруші туралы ақпараттың болмауы, құрамы бойынша сәйкессіздік. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бөлігінде 16% – бұл жарамдылық мерзімі өткен тауарды өткізу, санитарлық нормаларды бұзу, тиісті құжаттардың болмауы.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 392 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өнімнің 79 түрі бойынша сәйкестік декларациялары жойылып, тоқтатылды.
Асқар Тынысбеков бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтты.