Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні», «Өрттен сақтан», «Қауіпсіз пеш» және басқа да түрлі профилактикалық акция өткізеді. 

«Әкімдіктермен бірлесіп тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарлары бекітілді. Профилактикалық жұмыстармен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тұратын 105 мың үй қамтылды, 300 мыңға жуық адамға нұсқау берілді. 2024 жылдың 1 маусымынан бастап осы санаттағы үйлерде 33 мыңнан астам өрт датчигі орнатылды. Жалпы, соңғы 5 жылда 228 мың өрт датчигі орнатылды. Датчиктерді орнату практикасы енгізіле бастағаннан кейін көміртегі тотығының шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткендіктен датчиктер 55 рет іске қосылды. Соның арқасында улануға жол бермей, 248 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды», – деді Ерлан Төрегелдиев.