Оның айтуынша, қазір орталықта 1 216 сарапшы бар. Сот сараптамалары орталығы құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары зерттеулер сараптамалық бағыттың 15 түрі және 26 мамандығы бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта олардың саны 31 түрге және 58 мамандыққа дейін өсті, бұл сот-сараптама қызметінің мүмкіндіктері мен дамуының кеңейгенін көрсетеді.

«Сондай-ақ 2023 жылғы желтоқсанда Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығына жоғары дәлдіктегі химиялық-токсикологиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орнатылғанын атап өткен жөн. Бұл сот-сараптамалық тәжірибеде алғаш рет ағынды суларды есірткі және психотроптық заттардың, олардың метаболиттерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың болуына талдауға мүмкіндік берді», – деді спикер.

Бүгінгі таңда орталық жұмысын қолдау міндеті ғана емес, кадрлық әлеуетті кеңейту, озық әдістемелер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты күшейту сияқты қарқынды даму қажеттілігі бар. Қазақстанның сот сараптамасы жаһандық үрдістерден тыс қалмай, халықаралық сараптама аренасында өзінің қатысуын белсенді түрде нығайтып жатыр. Мәселен, 2017 жылдан бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Сот-сараптамасы жөніндегі сарапшылардың жұмыс тобына, 2019 жылдан бастап Азия сот сараптамасы қауымдастығына (AFSN), 2023 жылдан бастап ТМД сот-сараптама саласындағы үйлестіру кеңесіне мүше болып табылады. Қазіргі уақытта Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде сот сараптамалары мекемелерінің бірлестігін құру жөніндегі жұмыстарына белсенді қатысуда.