Оның айтуынша, әдістемелік ұсынымдар мектеп әкімшілігі, педагогтар және ата-аналарға арналады. Олар бағдарламаны нақты іске асырудың тиімді тәсілдерін ұсынады, бірлескен әрекеттегі рөлдер мен жауапкершілікті айқындайды.
«Бұл құралдар әр қатысушыға тәрбие процесінің мақсаты мен мазмұнын ортақ түсінуге, өзара тәжірибе алмасып, балалардың жан-жақты дамуына мейлінше қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ұсынылатын әдістемелік құралдарда сынып сағаттарының үлгілері, бағдарлама аясындағы жобаларды іске асырудың педагогикалық әдіс-тәсілдері кеңінен қамтылған», – деді спикер.
Тәрбие бағдарламасының іске асырылуын жүйелі бағалау мақсатында педагогтар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Бірінші және екінші тоқсан қорытындысы бойынша сауалнамаға 270 мыңға жуық ата-ана мен 50 мың педагог қатысты. Сауалнамаға қатысқан педагогтардың 82%-ы – бағдарлама сынып жетекшісі ретінде кәсіби дамуына оң әсерін тигізетінін атап өткен. 84%-ы –бағдарлама оқушылардың белсенділігінің артуына оң ықпал еткенін және 71%-ы -мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскенін көрсеткен. Ал, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 67%-ы бағдарламаға оң көзқарасының қалыптасқанын, 89%-ы бағдарламаның бала мінез-құлық әдебіне жағымды әсер еткендігін атап өткен.
Жалпы, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 61%-ы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін мектеппен бірлесіп әрекет етуге ынталы екендігін көрсетті. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерге қарағанда ата-аналардың мектеппен бірлесіп әрекет етуі 42%-ға артқан.