Спикердің айтуынша, соңғы уақытта егде жастағы адамдарға бағытталған алаяқтықтың өршігені байқалады. Көбіне, олар цифрлық әлемнің қаупі туралы білмейді. Сондықтан олар алаяқтардың құрбаны болады. 

«Цифрлық еріктілерді дамыту – өте маңызды аспект. Бұл жобаға жастарды, атап айтқанда, азаматтарға түрлі қоғамдық орында көмектесетін цифрлық еріктілерді тарту қажет деп санаймыз. Олар балаларды, жасөспірімдерді, ата-аналарды, қарттарды цифрлық әлемде өмір сүруге және алаяқтықтың құрбаны болмауға үйретеді», – деді Руслан Абдикаликов.

Сондай-ақ комитет басшысы алаяқтық схемалардан қорғайтын негізгі ережелерді еске салды. Цифрлық даму министрлігі 1414 нөмірінен алынған хабарламадан кодты ешкімге бермеуге, жеке құрылғылардағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартуға, күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және бейтаныс адамдардан жіберілген сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. 

«Сондай-ақ антивирустық бағдарламаларды пайдалануды ұсынамыз. Күмәнді сайттарда, қосымшаларда жеке ақпарат қалдырмаңыз. Банк ресурсы немесе қосымшаның атауы дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалануды ұсынамыз. Қолданба параметрлерінде екі факторлы авторизацияны, сәйкестендіруді міндетті түрде пайдалануды көрсетуге болады. Шотыңызды иеленгісі келетін алаяқ сіздің жеке нөміріңізге келетін пин-кодсыз өз ісін жүзеге асыра алмайды», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар министрлік әлеуметтік желілерде, онлайн-қызметтердегі құпия параметрлерін тексеріп, жеке өндірушінің өзі деректерді қорғау үшін қандай шаралар ұсынатынын білуге кеңес береді.

Сондай-ақ қарапайым ережелер туралы ұмытуға болмайды. Атап айтқанда, бірнеше қосымшаға бірдей құпия сөзді пайдаланбай, банк карталарының деректерін үшінші тұлғаларға бермеген жөн.