Осы сервистің көмегімен азаматтар қай дербес деректердің қашан және қайдан ұрланғанын біле алады.

«Біз бүгінде eGov-пен интеграцияландық. Енді біздің сервис арқылы ешкім дербес деректерді іздей алмайды. Мәселен, сіз порталға ЭЦҚ-ны енгізіп кірген кезде жүйеде ЖСН, ТАӘ, электрондық поштаңыз және т.б. мәліметтер сақталады. Дәл осы мәліметтердің көпке жария болғаны анықталса, 1414 және «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы ескерту келеді. Техникалық жағынан бәрін жасадық, қазір тестілеудің соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр», – деді спикер.

Сондай-ақ «NOMAD GUARD» қосымшасында фишингтік сілтемелерді тексеру мүмкіндігі қолжетімді болады. Сілтеме қауіпсіз болмаған жағдайда қазақстандық және шетелдік домендік аймақтарды бұғаттау шаралары қабылданады. 

«Егер сілтеме бұрын базада тіркеліп, «фишингтік» деп белгіленген болса, онда жауап бірден келеді, егер бұл жаңа сілтеме болса, жауапты бірнеше минут күту қажет болады», – деп қорытындылады Руслан Төрегелдинов.