Оның айтуынша, бұл жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2024 жылдан бастап жүйеге 15 қызмет енгізілді, 2025 жылы 3 қызметті іске қосу жоспарда бар.
«Осы шаралардың барлығы «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздейді. Жалпы, көші-қон саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Министрліктің тұрақты бақылауында», – деді вице-министр.
Жалпы, бүгінде көші-қон заңнамасын жетілдіру мақсатында министрлік заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.