Оның айтуынша, бүгінде Корпорация 422 млрд теңгеге жуық өтінімдер пулын қалыптастырды. Бұл – 5 млн 300 мың га алаңы бар 6 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер. Жоғарыда аталған пулдан 4 243 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 278 млрд теңге сомасына қаржы алды. Шамамен, бұл – 4 млн 300 мың га.

Қаржыландыру бірнеше көзден жүзеге асырылады: ӘКК, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, МҚҰ және ӨИО. Мөлшерлеме – жылдық 5%-ды құрайды, оны 2026 жылы 1 наурызда өтеу қажет.

Спикер кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдігін пайдалану мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл ретте ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша биыл қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. 

«Бұл өткен жылдың көлемінен 2 есе жоғары — 321 млрд теңге», — деді Тимур Аяпбергенов.