Қазақстандық ғалымдардың «Ұлттың иммундық портреті» жобасы Қазақстан халқының иммундық жүйесінің жай-күйін терең зерттеуге бағытталған. Immuniguide платформасы математикалық алгоритмдер мен жасанды интеллект технологиялары арқылы жалпы қан талдауының көрсеткіштерін талдайды. Аталған қазақстандық жоба патенттелген. 

«Бұл қарапайым жүйе десек те болады. Ол дайын талдауларды оқып, зертханалық нәтижені өңдейді. Иммундық жүйенің жай-күйінің нақты көрсеткіші беріледі. Платформа резервті ғана емес, сондай-ақ адамның ағзасындағы назар аударуды қажет ететін қандай жасырын инфекциялар барын көрсете алады», – дейді платформа авторларының бірі, инновациялық медицина ғылыми-клиникалық орталығының жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Нұрлыбек Үдербаев. 

ImmuniGuide платформасы – бұл дербес медициналық технологияның елдің биоқауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды болғанда. Адамдар иммунитетінің жай-күйі туралы деректер қауіптің алдын алуға, жаппай аурулардың салдарын бағалауға, осал топтарды бақылауға, алдын алу және емдеу шараларын жекелендіруге мүмкіндік береді. 

«Платформаныі көмегімен ұлттың болашағын болжауға болады. Сондықтан біз жобаны «Ұлттың иммундық портреті» деп атадық, яғни халықтың денсаулығы 5-6 жылдан кейін қандай болатынын түсінуге болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Үдербаев. 

Иммунодиагностикадағы ғылыми-технологиялық серпіліс 

ImmuniGuide бірден бірнеше ғылыми-технологиялық жетістіктің көрінісі. Біріншіден, жүйе нақты мәлімет береді: иммунитетті бағалау нәтижелері тәжірибе барысында да, ғылыми тұрғыдан да расталды және 98,7% жетті. Екіншіден, AI модулі ауқымды медициналық деректерді бірден өңдеп, кез келген тілде егжей-тегжейлі, түсінікті есептер дайындайды. 

Жоба авторларының айтуынша, әлемде мұндай технологияның аналогы жоқ, бұл қазақстандықтар ашқан жаңалық.  

Иммундық скрининг – бәріне қол жетімді 

Алдымен ImmuniGuide елордалық онкологиялық клиникалардың бірінде қолданысқа енгізіліп, дәрігерлерге пациенттердің жағдайын бақылауға көмектесті. 

«Платформаны күнделікті жұмысымызда пайдаланамыз. Біздің жобаны жаппай скринингте де, прецизиондық медицинада да қолдануға болады», - дейді Онкологиялық оңалту ғылыми-клиникалық орталығының ғылым және емдеу жұмысы жөніндегі жетекшісі профессор Игорь Пономарев.

Қазақстандықтар үшін ағзаға иммундық Chek-UP жасау тегін. 

Қалай жұмыс істейді 

Telegram-арнада «Иммуногид» чат-ботын іске қосу қажет, онда жоба туралы ақпарат пен пайдалану жөніндегі нұсқаулық бар. Жалпы қан талдауының нәтижесін PDF форматында немесе оның сапалы суретін жүктеу керек. Қорытынды 1 минут өткен соң дайын болады. 

Ғылым адам өмірін жақсартады

Бүгінгі күні біз қолданып жүрген, әрі онсыз өмірімізді елестете алмайтын көптеген нәрселер – ­ғылымның жемісі. «Ұлттың иммундық портреті» жобасының тарихы – қазақстандық ғалымдардың еңбегі мен таланты ілгерілеуге ықпал етіп, өмірімізді жақсартатынына жарқын мысал бола алады. 

«Ғылым болмаса, бүгінде бәрімізге үйреншікті болып кеткен қан талдауы да болмас еді. Адамдар зертханаға барады, бірақ ғылымның ғасырлар бойы дамып келе жатқаны туралы ойламайды. Ғылымның мәні – бұрын болмаған нәрсені ойлап тауып, жаңалық ашуда жатыр», – дейді Игорь Пономарев. 

Ғылым саласының барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қазақстандық ғалымдардың әрбір ғылыми жаңалығы еліміздің салауатты, қауіпсіз және кемел болашағына жасалған тағы бір қадам болсын.