«Мысалы, сілтеме жасау кезінде өткен материалды бекіту кезінде, мұрағаттық нұсқаны сақтау үшін және тағы басқа оқу мақсатында пайдалануға болады. Заңнаманы жетілдіру үшін өткен жылы Әділет министрлігі «Зияткерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Жобада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау, зияткерлік меншікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, инвестициялар тарту бойынша қосымша құқықтық тәсілдерді енгізу көзделген», – деді спикер.
Заң жобасы көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, тауар белгілерін жедел тіркеуді енгізу, патенттік сенім білдірілген өкілдерін, қызмет салаларын ажырату және тағы да басқа тетіктер бойынша түзетулерді қамтыды. Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжіліс қарауында.