«Қазір вакциналардың тиімділігіне қатысты бас тарту, күмәндану жағдайлары жиі кездеседі. Бұл мәселенің басын ашып алғанда және оның тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің барлық еліне тән екені белгілі болғанда ЮНИСЕФ вакциналар туралы шынайы ақпарат беру бойынша денсаулық сақтау саласына қолдау көрсете бастады», – деді ол.

Спикер вакцинациялау туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан табуға болатынын айтты. Сонымен қатар қазір ЮНИСЕФ медицина қызметкерлеріне вакцинациялау тақырыбында ата-аналармен байланыс орнатуға сеп болатын білім беру модулін әзірлеп жатыр. Сондай-ақ ЮНИСЕФ Қазақстан мектептері мен медбикелердің патронаждық қызметінде тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге қолдау көрсетеді.