Каналдарды тазарту олардың су өткізу мүмкіндігін жақсартып, диқандарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қажет. Биыл «Қазсушар» филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 11 700 шарт жасалды. Былтыр шаруа қожалықтарымен 23 830 шарт жасалған.
«Былтыр министрлік Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандарды суармалы сумен толық қамтамасыз етті. Биыл да ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 2025 жылғы суару маусымында Сырдария өзені арқылы елімізге 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.