Енгізілген түзетулер шеңберінде «Отбасы Банк» тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және беруді жүзеге асыратын ұлттық даму институты болып қайта құрылды. хабарлауынша, кезектің ағымдағы ақпараттық жүйесі 24 мамырға дейін жұмыс істейді, одан кейін кезекте тұрған барлық азамат «Отбасы банкіне» беріледі.
«Бұдан басқа, жаңа тетікке сәйкес тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Осылайша, бірінші кезекте тұрғын үй кезекке ең ерте қойылған адамдарға берілетін болады», – деді спикер.
Ұсынылып отырған түзетулермен тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.