Мониторинг нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика атап өтілді.

Жалпы өлім 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеді - 1000 тұрғынға шаққанда 6,46-дан 6,35 жағдайға дейін. Бұл нәтиже бүкіл ел бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін жақсарту жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында мүмкін болды.

Негізгі жетістіктер:

  • Ана өлімі 10%-ға төмендеді – 100 000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден 10,8 жағдайға дейін.
  • Сәбилер өлімі 7,4 нысаналы көрсеткішпен 1000 тірі туғанға шаққанда 5,94 құрай отырып, 26,3%-ға қысқарды.
  • Неонаталдық өлім 23,8%-ға азайды – 1000 тірі туғандарға шаққанда 4,2-ден 3,2-ге дейін.
  • Балалардың арасындағы өлім жоспар бойынша 9,75 кезінде 7,3-ті құрады – тұрақты оң динамика.
  • Реанимациялық іс-шаралардың табыстылығы 8,3%-ға өсіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 51,8%-ға қарағанда 60%-ға жетті.
  • ЖКО салдарынан өлім жоспарланған 11,7 деңгейінде 100 000 тұрғынға шаққанда 8,46-ға дейін төмендеді.

Бұл нәтижелерге қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі медициналық статистиканың сапасын жақсарту болды.

Министрлік өлім себептерін кодтау бөлігінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмысты іске асырды, сондай-ақ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жанынан Кодтау бюросын құрды.