Оқудан өткен 45,2 мың жұмыссыз азаматтың 12,4 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 340-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Шілде айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Кассир», «Страховой агент», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении», «Построение отдела продаж в отеле».