Спикер 29 жобаның 14-і жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуға, ал 15-і жаңа қуаттарды іске қосуға бағытталғанын хабарлады.
«Бірқатар маңызды жоба бар. Мысалы, Алматы қаласы үшін Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға көшіру бойынша маңызды әлеуметтік әсері бар жобаны атап өтуге болады. Бұл жылумен және электрмен жабдықтаудың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартады», – деп атап өтті Асылжан Мусин.
Сонымен қатар Энергетика министрлігінің өкілі генерация секторы бойынша жобаларды іске асыру бюджет қаражаты есебінен субсидиялар тартпай-ақ электр қуаты нарығының қолданыстағы тетіктері шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
«2029 жылға қарай 29 жаңа жобаны енгізу жоспарлануда, бұл электр станцияларының орташа тозуын 17%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру белгіленген электр қуатын ұлғайтуға және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.