Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында биыл пайдалануға берілді.
«Мысал ретінде НАРХОЗ университетін айтуға болады. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қозыбаев университеті, Алматы қаласындағы Халықаралық білім корпорациясы. Ал, жатақханалардың корпустары жайында айтатын болсақ, жаз айларында жоғары оқу орындарының 58 нысаны күрделі жөндеуден, 560-тан астам нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар оқу ғимараттары мен жатақханаларда бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл түймелері, өртке қарсы құралдар орналастырылған», – деді вице-министр.
Жалпы, жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын бастауға дайын.