«Бәріңіздер білесіздер, ЖОО жанындағы жатақханалардағы орын саны шектеулі. Бірінші кезекте әлеуметтік топтар бар. Ол –жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар. Ең бірінші ретте университет жанындағы жатақханадағы орындар осы тұлғаларға беріледі. Одан кейін, грантпен түскен бірінші курс студенттеріне беріледі. Себебі, жатақхана ауылдан келген, қаланы әлі білмейтін жастарға беріледі», – деді спикер.
Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін университеттер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істеп жатыр. Осы принцип бойынша салынған 3 180 орындық 4 жатақхана іске қосылды. 2025 жылы 10 276 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарда бар.
Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік – жекешелік әріптестік шеңберінде жатақхана салған бизнес өкілдеріне онда тұру құнын 40 мың теңгеден асырмау міндеті жүктелді.