Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Ауқымды экологиялық акцияға 10 млн-нан астам адам қатысып, оның аясында 860 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 4 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Әрқайсымыз ауламыз бен көшемізді тазалап, ағаштар мен бұталар отырғызу арқылы еліміздің тазалығына әрі гүлденуіне үлес қоса аламыз.