Оның мәлімдеуінше, отын қоймаларында 5 млн тонна көмір жинақталды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артық; 129 мың тонна мазут, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға көп.

«Барлық энергия көздерінде отынның нормативтік қоры жинақталған. Әлеуметтік мазут бойынша айтатын болсақ, әкімдіктердің өтінімдері бойынша Министрлік жыл сайын өңірлер үшін «әлеуметтік» мазутты жеткізу кестесін бекітеді. Алдағы жылыту кезеңіне 257 мың тонна көзделген. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмірді жеткізу жұмыстары жалғасуда», – деді ведомство өкілі. 

Айта кетерлігі, көмірмен қамтамасыз ету мәселесі биыл толық Энергетика министрлігінің құзыретіне өтті. Көмірмен қамтамасыз ету үшін Министрлік әкімдіктермен, «Қазақстан темір жолы» және көмір өндіруші кәсіпорындармен республикалық штаб отырыстарын өткізеді. Негізгі мақсат – көмір тапшылығын болдырмау.

Алдағы жылыту маусымына жалпы 7,7 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда 4,4 млн тонна көмір қоры жинақталды. Көмірді жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі. Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылыту маусымына дайындық және оны өткізу бойынша «KEGOC», «КТЖ», «QazaqGaz» акционерлік қоғамдарымен, сондай-ақ көмір және энергия өндіруші кәсіпорындармен жүйелі түрде республикалық селекторлық кеңестер өткізеді. Энергетика министрлігі жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты әрі қарай жалғатырады.