Биылғы жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл да символдық мәнге ие: инженерлер мен құрылысшылар, мұғалімдер мен дәрігерлер, металлургтер мен аграршылар, энергетиктер мен IT-мамандар күн сайын Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді. Еңбек ұрпақтарды біріктіреді, ертеңгі күнге сенім сыйлайды әрі жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл мереке халық игілігі үшін еңбек ететін жандардың жұмысына деген құрметтің белгісі.
Мереке құтты болсын! Жаңа табыстар тілейміз!