«Жоба шеңберінде картада кеден бекеттері, автожанармай құю стансалары, уақытша сақтау қоймалары, бақылау аркалары мен төлем алу пункттері және тағы да басқалар цифрландырылатын және геопозицияланатын болады», — деп нақтылады қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен автожанармай құю стансаларындағы бейнекамераларды көре алады және автокөлік құралдары қозғалысын қадағалайды. Бұл бақылаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етіп, мәлімделген маршруттан ауытқуларды және ықтимал жалған транзитті анықтауға көмектеседі.