Оның айтуынша, әйелдер қазірдің өзінде ақапараттық технологиялар саласына көптеп келіп жатыр. 

«Телекомда – 46%, ақпараттық қауіпсіздікте – 30%. Зерттеушілердің 55%-ы – әйелдер. Әйелдер құрған стартаптар 23%-ға жетті. Бұл – елдің үлкен адам капиталы. Оны жоғалтпай, керісінше дамыта беруіміз керек», – деді спикер.

2025 жыл AqylTech пен IT-Aiel бағдарламалары үшін серпіліс жылы болды. Ел бойынша 10 000-нан аса адам онлайн және офлайн оқыды.

Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, TECHNOWOMEN және Astana Hub технопаркінің қолдауымен іске асырылды