Спикер Су кодексіне сәйкес мәслихаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және сумен жабдықтау қызметтеріне қолданыстағы тарифтерді ескере отырып, ауыз судың 1 текше метріне ақы мөлшерін дербес реттей алатынын атап өтті. 

«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар халық үшін оның құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп түсіндірді ол.

Бақытжан Жүнісбеков су тұтыну нормативтері бір адамға тәулігіне 140 литрден асып кеткен жағдайда, халық артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейтінін айтты.