«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», – деп атап өтті энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған.

Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында салаға ЖИ шешімдерін енгізу және сол бағытта бірлесіп сынақтар өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.