Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанда құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілді.
«Бүгінде олардың саны елімізде 4,6 мыңнан асады және олар Қазақстанның дала және шөлейт экожүйелерінде кеңінен таралуда», – деді ведомство өкілі.
2024 жылы 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватына көшірілді. Ағымдағы жылдың күзінде тағы 17 құлан «Іле-Балқашқа», ал 19 құлан «Алтын Далаға» жеткізілді. Бұл шаралар жергілікті популяциялардың тұрақтылығын арттыруға және түр бұрын жойылып кеткен аймақтардағы табиғи байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.