Оның айтуынша, жыл соңына дейін 548 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда оның 493 мың шаршы метрі салынды. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар үшін 378 пәтер сатып алынды. Жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тағы 1 332 пәтер салынып, сатып алынады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 526 млрд теңгеге жетті.
«Сумен жабдықтау бойынша. Бүгінде облыс халқының 98,7%-ы сумен қамтамасыз етілген. Қалаларда – 99,4%, ауылдарда – 97,9%. Биыл 4 мыңнан астам тұрғыны бар 61 ауыл таза ауыз суға қол жеткізеді. Облыс бойынша барлығы 148 шақырымнан астам су құбыры желілерін, сондай-ақ 44 шақырым кәріз желілерін жаңғыртамыз және саламыз. Оның ішінде су құбыры желілерін салу бойынша 9 жоба арнайы Арнайы мемлекеттік қор есебінен іске асырылады. Жыл соңына дейін біз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз», – деді өңір басшысы.
Ол 22 шақырым желі ауыстырылып, үш қазандық жаңартылғанын айтты. Газ тарату желілері Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы 9,5 мың үйге тартылды. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға газға қосылуға көмек берілді. Қалған тұрғындар ТКШ жаңғырту орталығы арқылы пайызсыз несиелерді пайдалана алады. Сондай-ақ биыл 637 шақырым жол жөнделді, оның жартысы – қалалар мен аудандарда.
«Қарағанды-Қарқаралы» тас жолында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қарағанды әуежайы жүк терминалы ретінде жаңғыртылуда. Қоғамдық көлікке келетін болсақ, өткен жылы 53 автобус сатып алынды, оның 195-і – автобус, 147-сі жеткізілді. Нәтижесінде Қарағанды қаласында автобустарды пайдаланудың орташа мерзімі 11 жылдан 6 жылға дейін қысқарды.