Оның хабарлауынша, отандық медициналық туризмді насихаттауға да ерекше назар аударылады.

«Алматы қаласындағы бірнеше медициналық орталық осы шараға қатысу жайында ұсыныстарын білдірді. Бізде де арзан, тиімді және өте жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілетінін паш еткіміз келеді», – деді спикер.

Айта кетерлігі, биылғы чемпионатқа 140 шетелдік спортшы келеді деген жоспар бар. Қазақстан намысын 60-қа жуық адам қорғайды. Қазір әлем мемлекеттері тарапынан тоғызқұмалақ ойнауға қызығушылық артып келеді. Әсіресе, Пәкістан, Мексика, Румыния, Оңтүстік Корея елдері арасында сұраныс жоғары. Мәселен, Исламабад қаласында екі ел бірлесіп спорт кешенін салып жатыр, Сол жерде қазақ күресі, тоғызқұмалық сынды спорт түрлері дамытылады.