Оның айтуынша, аймақта қант қызылшасы алқабының 88,1%-ы жиналып, 207 мың тонна өнім алынды. 762 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Нәтижесінде, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 5,6%-ды құрады. 

«Мал шаруашылығында ет өндірісі – 2,7%-ға, сүт – 1,6%-ға артты. 888 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 400 мың тонна пияз бар. Пияз экспорты бойынша облыс көшбасшы болуда. 61,8 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімі қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржыландырылды. Облыста 66,5 мың га егіс алқаптарына су үнемдеу технологиялары енгізілді. Өңірдің 6 ауданында 37,2 млрд теңгеге 625 шақырым болатын 322 су нысандары қайта жаңартылуда», – деді өңір басшысы.

Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 млрд теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту және 312 каналды жөндеу жоспарлануда (Ислам даму банкі). Облыста су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында келесі жобалар іске асырылып жатыр: 

- «AKPLAS KAZAKHSTAN» құны 10 млрд теңге құрайтын, тамшылатып суару қондырғыларын шығару зауытының құрылысы аяқталуда. Зауытты 2026 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланған, бұл жылына 200 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндік береді.

- «Каз Каспи Гидро Сельхоз Технология» ЖШС-мен 2,8 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйесінің өндірісі іске қосылды. Өндіріс жылына 12 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндігін береді.