Шығарылымның бір бөлігі әдетте кадрдан тыс қалатын күнделікті жұмысқа арналған. Орталық күн сайын мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста болып, ақпараттық тәуекелдер бойынша кеңес береді, жедел коммуникацияларға қатысады және сезімтал тақырыптардың өршуін алдын ала болжайды. Сонымен қатар кей жағдайларда не себепті терістеу жарияланбайтыны, кейбір мәселелердің ведомстволық немесе өңірлік деңгейде шешіліп, жалпымемлекеттік ақпараттық оқиғаға айналмайтыны түсіндіріледі.

Фейктермен күрес – жұмыстың көзге көрінетін бөлігі ғана. Орталықтың негізгі міндеті – профилактика жүргізу, ақпараттық тұрақтылықты нығайту және ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдауды дамыту.

Бұл шығарылымда Орталықтың нақты жұмысы, негізгі сын-қатерлері және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын қорғаудың жүйелі тәсілі баяндалады.