Чемпионатта еліміздің барлық өңірінен келген 825 қатысушы және 719 сарапшы бақ сынайды. Сайыстар экономиканың негізгі бағыттарын қамтитын өндіріс, инженерия, ақпараттық технология, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызмет және креативті индустрия сияқты 45 құзыреттілік бойынша өткізіледі.

WorldSkills International қозғалысы 1946 жылы құрылған және әлем бойынша кәсіби құзыреттерді дамыту мен жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған халықаралық платформа болып табылады. Бүгінде қозғалысқа 89 ел мүше, олар бірлесіп заманауи экономиканың талаптарына сай кадрлар даярлаудың бірыңғай стандарттарын енгізуде.

Қазақстан Республикасында WorldSkills Kazakhstan жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып келеді.