Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.

Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.