Оның айтуынша, бұл инспекциялар су ресурстарын реттеу, суды заңсыз пайдалануға қарсы күрес, су пайдалану шарттарын сақтау, су ресурстарының ластануы мен сарқылуын болдырмау міндеттерін атқарады. 

«Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Мемлекет басшысы жаңа редакциядағы Су кодексіне қол қойды. Су кодексі шеңберінде Комитетке су ресурстарын реттеу және қорғау, жедел ден қою шараларын қабылдау, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бақылау мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды реттеу функциялары берілген. Су кодексін іске асыру мақсатында Комитет 22 нормативтік құқықтық актіні әзірледі. Бассейндік су инспекцияларының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды. Арнайы автокөліктер паркін жаңартып, 18 автокөлік сатып алынды. Сонымен бірге қажетті компьютерлік техника алынды», – деді спикер.

Сондай-ақ инспекция қызметкерлерінің еңбек жағдайлары жақсарып, өңірлердегі 10 әкімшілік ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталған барлық шара инспекциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасап, орындалатын функциялардың сапасын арттыруға бағытталған.