Елдің барлық өңірінде жыл сайын белгіленген орындар мен мерзімдерге сәйкес, облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп «Уылдырық» балық қорғау акциясын өткізеді. 2025 жылы акция барысында 1 045 хаттама толтырылып, 21,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, шамамен 3 мың тонна балық пен 218 дана аулау құралы тәркіленді.
Бұдан бөлек, Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында (Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары) Ішкі істер органдары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп кең ауқымды «Бекіре» балық қорғау акциясы өткізіледі. 2025 жылы акция барысында 1 125 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, Бірыңғай тергеп-тексеру тізілімінде 33 материал тіркелді, 4 тонна балық, 648 дана аулау құралы және 33 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді.
Сонымен қатар 2025 жылғы 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында жыл сайынғы «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Шара аясында су айдындарынан 3 483 дана иесіз ау желілері алынып, 60 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Акцияға 6 мыңнан астам адам мен 480 бірлік арнайы техника қатысты.