Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында 149 жаңа нысан қолданысқа берілді.

«Сондай-ақ 13 нысанға күрделі жөндеу жасалды. 39 спорттық және 34 мәдениет нысандары жаңартылып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында мұз сарайы, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй және екі үстел теннисі орталығы салынды», – деді әкім.

2025 жылы Жетісуда өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы өңірде жерді пайдалану, құрылыс нысандары, қоқыс полигондары, карьерлер мен каналдар және тағы басқа инфрақұрылымдарды тиімді бақылау қамтамасыз етілді. «e-Zhetysu» жүйесі балабақша және мектепке онлайн-кезекпен қабылдауды қамтамасыз етеді. Face ID және компьютерлік көру негізінде жұмыс істейтін модуль балалардың келіп-кетуін автоматты тіркейді.

Ауылдарға интернет желісі 90%-ға жеткенімен, жол бойында, таулы өңірлердегі елді мекендерде байланыс сапасы әлі де нашар.